Оқу іс әрекетінің мақсаты:
1. Ептілік, жылдамдық қабілеттерін дамыту.
2. Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, қайталау.
Балаларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Балаларды 2 топқа бөлу, ойын түрлерімен танысу.