«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«3 - 4 сандарын салыстыру. Тіктөртбұрыш» Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

22.11.2021

«Күншуақ» ересек тобында «Таным» білім беру саласы, «Қарапайым математика негіздері» оқу қызметі, «3 - 4 сандарын салыстыру. Тіктөртбұрыш» тақырыбы бойынша ашық оқу қызметі өтті.               

Мақсаты: 3 және 4 санын салыстыру, санды қатар ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын, тапсырмаларды орындау арқылы баланың 3 және 4 саны көлемінде білімін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйретуді жалғастыру. Оқу қызметін шаттық шеңберімен бастап, балаларға сұрақтар қойылып, жұмбақ жасырылды. Балалар жауабын айтып, интерактивті тақта арқылы дұрыс жауабы көрсетілді. 3 және 4 санын салыстыру үшін тапсырмалар берілді. Балалар екі топқа бөлінді, қызыл түсті дөңгелектер және көк түсті дөңгелектер Тапсырмалар Воскобович (геоконт, игровизор, математикалық себеттер), жаңа технологиялар құралдарымен орындалды. Тіктөртбұрышқа қызықты сиқыр көрсетіліп, пішіндерді қайталады. Барлық тапсырмалар орындалып, балалар қызығушылығын арттырып, ат салысты.

Қорыта айта келгенде: балалар 3 және 4 санын кез-келген үлестірмелі материалдардың көмегімен салыстыра алады, және Тіктөртбұрышты басқа пішіндерден ажырата алады.

 

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст