«Алтын дән» балабақшасы МКҚК әдіскері - Ешмуханова Ақмарал Аманжоловна
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік – экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы» жолдауына пікір
Бүгінгі 16 наурыз күнгі "Президент Қ.К.Тоқаевтың бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік – экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Президентіміз айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асырылса деген үміт бар. Жаңа Қазақстан құру туралы тапсырмасы ұнады. Әр азаматтың өміріне мән беріледі делінген. Сол мақсатта халықтың жағдайы жақсарады деп сенемін. Бәріміздің де баламыз бар. Сол балалардың болашағына алаңдаулымыз сондықтан болашақ ұрпақ зардап шекпегенін қалаймыз. Қазіргі таңда шарықтап тұрған азық-түлік бағасы ретке келтіріліп тұрақталса дейміз. Президентіміз айтқандай әр Қазақстан азаматы бақытты да баянды ғұмыр кешу керек.
Басқа сала бойынша мені ел азаматы ретінде мазалайтын тағы бір мәселе, педагогтарымыздың мәртебесінің көтерілгенін қалаймын. Жаңа Жолдауда біраз дүние айтылды рас, енді соның орындалуын күтеміз. Өз ойым мемлекет басшысы айтқандай қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктіктерін еселеп , елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Сол мүмкіндікті пайдалан отырып келешек ұрпақ жұмыстануы тиіс. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан еліміміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ.
Сонымен қатар Президент жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау және басқа да бағыттар туралы айта кетті. Әрине бұл маңызды мәселе қазіргі таңда туындап отырған пандемияның салдары халықтың тұрмыс тіршілігіне зиян келтірмей қоймады. Сондықтан да халық ахуалына көп мән берілсе екен деген ойдамын. Ендеше «Жаңа Қазақстанды» бірге өркендетейік, ағайын деген Президентіміздің сөзіне қолдау алып еліміздің өркендеуі жолдында қол ұшымызды аямайық дегім келеді.