«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы!"

24.03.2022

Ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуі жаңарудың белгісі. Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін 22 наурыз күні деп есептеген. Көктем келіп күнмен түннің теңелуіне байланысты жаңа күн деп санап, парсы күнтізбесі бойынша наурыз мейрамын тойлаған.  Бұл мейрамды түбі бір түркі халықтары арасында  бес мың жылдан бері атап өтіп келеді. Оның ішінде: Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қытай, Үндісан, Ауғанстан, Иран, Тркия және Қазақстан.

Бұл дәстүрлі түрде тарихқа айналған мейрам. Наурыз мейрамын түркі халықтарының бірі жиырма бірінде, бірі жиырма екісінде атап өтсе, қазақ елі 21-23 аралығында үш күн тойлатады. Дегенмен, он үш күн қатарынан тойлататын халықтар да бар.  Және әрбірінің дәстүрі мен өмір сүру салтына қарай тойлауы да сан алуан түрде өтеді.

Наурыздың келуінің өзі - жаңару. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек. Бұл күнге халық  барынша дайындалады. Үйдегі ескі заттарды шығарып, бір-біріне ақ тілектерін айтып, реніште жүрген дос-жарандар бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады. Мұқтаж адамдарға қолдау, көмек көрсетіп барынша кең пейілді болады. Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Соған байланысты, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының басты белгісі ретінде «наурыз көже» пісіріледі.

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст