Аутизм — (гр. autos - өзім) - Кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады.
Пайда болуына не әсер етеді?
Нақты дәлелденген ақпараттар жоқ. Бұрынырақ балаларға вакцинацияның салдарынан пайда болды деген болжам бар. Ең соңғы мәліметтер бойынша аутизмге ұшыраған балалардың тумасынан миының дамуында кінәрат бар екені анықталды (мидың бір бөлшегі нашар дамыса,екінші бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер). Гендік өзгерістердің п.б., жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның әсері, стресстер. Бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады.
Клиникалық көрінісі
Аутизм синдромы бар балалармен қалай жұмыс жасау керек?
АВА-терепия әдісі. АВА-терапия – Applied Behavior Analysis қазақ тініне аударғанда (қолданбалы мінез-құлықты талдау), адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді.
Сенсорлық интеграция әдісі
Ерте балалық аутизм синдромы бар балалардың көбінің сезінуінде ауытқулар байқалады. Сенсорлық интеграция әдісі ағзаның сезімдерін қозғалыс, оқу және қалыпты іс-әрекет мақсатына жұмылдыра алуы. Бұл терапияның мақсаты – орталық жүйке жүйесінің сенсорлық стимулдарын өңдеу мүмкіндіктерін күшейту, теңгеру және дамыту болып табылады.
РЕСS (ПЕКС) –карточкалар арқылы баламен қарым-қатынасқа түсу жүйесі. РЕСS — баланың негізгі қарым-қатынас дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік беретін бағдарлама. Аутизмі бар бала өзі қалап тұрса да, басқа балалар күнделікті өмірде ешқандай қиындықсыз меңгеріп алатын адамдармен қарым-қатынас жасасудың, әрекеттесудің жалпыға ортақ әдістерін өз бетімен меңгере алмайды. Сондықтан жоғарыда айтылған, бүгінде қолданысқа енген жүйелі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілдерінің болып көмктесуге тиімпіз.