Текст
Мамырдың 18 күні балабақшамызда педагог-психолог және логпед мамандарының ұйымдастыруымен даярлық оптардың ата-аналарына кеңес ретінде «Балаңыз мектепке дайын ба?» атты тақырыпта тренинг өткізілді. Тренингке Қосшы қаласының №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Әуезовна және логопед маманы Жанар Сабырбековна қатысып, ата-аналарға «балалар мектепке қандай дайындықта келу керек?» деген сұрақ төңірегінде мағлұмат берді. Ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.