«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Туған күн кеші"

30.06.2022

Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз.  Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Туған күнді тойлау қайдан шықты?

Тарихқа үңілсек, ертеде фараондар «Құдайдың балалары» болып есептелді, олардың дүниеге келген күндері мемелекеттік мереке саналатын. Бұл атаулы күнде әрбір тұрғын патшаға шамасы жеткен ең бағалы сыйлық әкелетін. Патшайымдардың туған күнінде әрбір қызметкер патшайымды таңғалдыру үшін адам татып көрмеген жеміс-жидектерді алыс-алыс жерлерден алдыратын. Патшаға арнап ең әдемі жануарларды құрбандыққа шалу ерекеше құрметтің белгісі болып есептелген. Осыдан кейін, халық өздерінің отбасындағы басты тұлғаның дүниеге келген мерзімін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осылайша, туған күн қоғамның әрбір мүшесі үшін аталуы күнге айналған.

Біздің бүгінгі күнде туған күнді тортпен өткізу дәстүрі  неміс халқынан шыққан. Олар туған күн иесін ерте оятып, шақырылған қонақтарға бірге дайындалып, кешкі ас басталмас бұрын үйдің отанасы әзірлеген бәлішке балауыз орнатып, туған күн иесіне ұсынған. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, балауызды өшірген. Осы сәт салтанатты отбасылық дастарханның ашылу белгісі болып есептелген. 

Ежелден, шіркеу секілді діни орындар туған күн тойлауға рұқсат бермеген. Себебі, адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады. Мұндай жағдайды тойлату дұрыс емес деп есептелген.  Қайта өрлеу дәуірінен бастап, аталған ырымды басқаша түсіндірушілер пайда болды: адамға бір жас қосылса, ол Құдайға бір табан жақындайды.  Қазірге дейін, осы дәстүр бойынша әртүрлі діндерде туған күнді жылы лебіздер айтып, жақын адамдар арасында тойлауға рұқсат берілген. Алайда, оны шулатып, алькогольді пайдаланып, ес кеткенше тойлатуға ешқандай дінде рұқсат берілмеген.

Қалай болғанда да, жылдың 365 күнінің бір күнін ерекше қарсы алып, өзіңе назар аударып, жалғыз емес екеніңді сезіну артық етпесі анық. Туған күнде ыстық ықыласқа бөлейтін жақындарыңыз көп болғай деп балабақшамызда маусым айында туылған балалардың туған күн кешін жасадық. Кеште балалар ән айтып, ойын ойнап, көңілді би биледі. Ең соңында балаларға сыйлықтар таратылды.

Просмотров: 257


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст