Мақсаты: Биылғы «Балалар жылы» аясында және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Балаларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында балабақшамызда «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өтті.
Сайысымызға әр топтан белсенді үш отбасы 1- Қыран тобы, 2- Сұңқар тобы, 3- Ынтымақ тобы қатысты. Әр сайысқа қатысқан топтар өз ұрандарымен, топ атауымен және бір түсті спорттық киіммен келді.
Сайыс он кезеңнен тұрды , отбасылар сайыстың әр кезеңіне белсенді қатысты.
Жүгіру, секіру, кедергілерден сүрінбей өтіп, отбасы мүшелері өздерінің спортқа деген бейімділіктерін, шымырлықтары мен ептіліктерін көрсетті.
Басқа топ балалары жанкүйер болып балаларға қолдау көрсетіп отырды.
Тәлімді тәрбие отбасынан басталса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болмақ.
Ата-ана шаңырақтың іргетасы. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі оразан зор екенін білеміз.
Осы сайыстың нәтижесі бойынша Ынтымақ тобы – Оразалиндер отбасы –
1 орын; Сұңқар тобы- Исиндер отбасы - 2 орын; Қыран тобы – Каримжановтар отбасы 3 орынды иемденді. Барлық топтар ептіліктері мен шапшаңдылықтарын көрсете білді, соңында барлық топтар мадақтама қағаздарымен және «Толағай» кубогымен марапатталды. Отбасылық сайысымыз өте қызықты өтті , әсіресе ата – аналарымен бірге спорттық сайысқа қатысқан балалардың қуанышында шек болмады. Ата -аналарымызға алғысымыз шексіз.