Текст
7.12 күні балабақшамызда денсаулық апталығының үшінші күні жоспарға сәйкес дене шынықтыру нұсқаушылары ортопед маманымен кездесу ұйымдастырды. Оған барлық топтардан 2 ата- анадан қатыстырылды. Тақырыбы “ Май табанға жол жоқ”. Кездесуге Қалалық аурухананың хирург ортопед маманы Асқар Едресович келіп, майтабан дегеніміз не? және оны қалай алдын алуға болады деген тақырыпта айтып түсіндірді және ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ал дене шынықтыру нұсқаушылары күнделікті іс әрекеттерінде өткізілетін жаттығуларды көрсетті.