14 желтоқсан күні балабақшамызда еліміздің Тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне , ұлтына, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілген мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, бүлдіршіндермен қатар балабақша қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Өлең, жыр шумақтары , ән , би өнері және оркестр ойнап балалар өз өнерін көрсетті. Іс-шара барысында келген қонақтарға сұрақ жауап айдары ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Шараға шақырылған қонақтар мен ата-аналар үлкен мерекелік көңіл күймен тарады. Іс – шараның соңы балабақша қызметкерлерінен құрылған «Самғау» хорының «Алғыс» әнімен аяқталды .