25 қазан Республика күніне орай балабақшамызда
«Өсер елдің ұланымын! » атты интеллектуалды ойын өтті.
Мақсаты: Балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Әр бағыт бойынша білімдерін пысықтау, жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Ұлттық мәдени құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту. Балалар ойынға өте белсенді қатысты. Берілген тапсырмаларды орындай отырып, ойларын айта білді. Сайысқа өрт топ қатысты: «Жасқыран», «Самұрық», «Өркен», «Барыс». Сайыс қорытындысы бойынша 20 ұпаймен «Жасқыран» тобы алға шығып жеңіске ие болды. Барлық қатысқан балалар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.