Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытушы ойындар арқылы жан – жақты дамыту.
Мақсаты:
— Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілетін ойын түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан — жақты жетілдіру;
— Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтау қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара еске сақтау қабілетін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым — қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ойын арқылы есте сақтау түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.