Ақбота тобының тәрбиешілері ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілер мен мамандардың әртүрлі қызмет түрінде инновациялық технологияны қолдану арқылы шығармашыл тұлға тәрбиелеу»
тақырыбында мастер- класс өтті. Мастер класқа мектептегі бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста инновациялық технологияларды қолдану іс-тәжірибемен бөлісіп, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.
Міндеттері:
• Заман ағымына ілесу; жаңашыл педагог болу;
• Балаға жаңа технологиялар әлемінің жолбасшысы болу;
• Балаларды шығармашылық іс-әрекетке қызықтыра отырып баулу;
Тәрбиешілер мен мамандар теориялық және практикалық жағын да қарастырып, өзара пікір алмасты.
Мастер -класс нәтижесінде педагогтар жаңа технология әдіс тәсілдерін игеру арқылы қаншалықты өз тәжірибесін жақсартуға болатынын,көрсетілген ойындармен білім қоржындарын толықтырғандықтарын атап өтті