8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай балабақшамызда «Пай-пай қазақтың келіндер-ай» атты келіндер сайысы өтті. Сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бақ сынады.
Қазақ келіні қай кезден де отбасының берекесін келтіріп, татулығын бекемдей білген. Әр үйдің өнерлі келіндері өздерінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныстырған болса, өнер сайысында өздерінің өнерлерін ортаға салды. Қазақы дастарқанын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға асқан шеберлікпен мүдірмей жауап берді.
Жан-жақты дайындығымен келген келіндер сайыста өздерінің ерекшеліктерімен танылып, көптің көңілінен шықты. Барлық қатысушылар өте жоғары деңгейде дайындықпен келді. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды денешынықтыру нұсқаушысы Разия Дүйсехановна, 2 орын тәрбиеші Камчат Кенесовна, 3 орын тәрбиеші Ақмарал Рафхатқызы иемденді. Сонымен бірге сайысқа қатысқан қалған қатысушылар ерекше өнерлерімен көзге түсіп, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.