8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай балабақшамызда
«Өнерлі қыз, өнегелі ана» атты аналар мен қыздары арасында байқау өтті. Мақсатымыз: жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау.
Сайысқа қатысушылар 5 кезең бойынша өздерінің бақтарын сынады. Сайыс таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап, сән үлгісі сияқты кезеңдерден құралды. Сайысымызға 11 ана қыздарымен қатысып, әдемі өнерлерін көрсетті.
Байқау соңында аналар мен кішкентай ханшайымдар жүлделі орындармен, түрлі номинациялармен марапатталды. Барлық сайысқа қатысушы аналарымызға алғысымызды айтамыз.