Текст
"Күншуақ " ортаңғы тобында ата аналар жиналысы өтті. Жиналыс " Кел танысайық" тренингімен басталды. Топқа жаңа тәрбиеленушілер қабылданып жатқандығы ескеріле отырып, балабақша психологы " Баланың балабақшаға бейімделуі " тақырыбын ашып, әдіскер балабақшаның күн тәртібімен, жоспары туралы айтты. Ал медбике балабақшаның ішкі тәртіп ережелері, санитарлық жағдайлар,баланың қауіпсіздігі туралы түсіндіре кетті.