Текст
Қазан айында қатар келген "Қарттар күні" мен "Ұстаздар күні" балабақшамызда жоғары деңгейде аталып өтті. Қоғамның зерделі қарттары бүгінгі жастардың таптырмас асыл қазынасы болып саналады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүрді 1 қазанда болатын Халықаралық қарттар күні айқындайды.
Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлғалар.